Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  81


Автор: Сәуле Досжанова

Езіліп кеп жүрегім...

Езіліп кеп жүрегім,
Сені ойладым, жүдедім.
Өткен жылдар көшінде
Қимайтындай кім едің?!
Түссең менің есіме,
Бір сағыныш есіле.
Тұлабойым елжіреп,
Еске аламын несіне.
Жұмбақтау бір күлімдеп,
Жұмсақтау бір үніңде.
Ғажап сезім болатын,
Соны аңсаймын бүгінде.
Болмай алаң көңілде,
Балалықтың елінде,
Қалып қойып едің ғой.
Менің туған жерімде.
Шықса ғой деп дерегің,
Неге елеңдей беремін.
Балалықтың табылмас,
Жоғалтқандай керегін.
Тырна қайтты тізілген,
Хабар айтып күзімнен.
Елес болды өткен күн,
Тамшы жастай үзілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу