Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  100


Автор: Айсырға Қилыбаева

Не жетеді көңілдің байлығына?!

Не жетеді көңілдің байлығына?!
Өкінішке қашанда қайғы – мұра.
Алла емес, жауапты өзіміз ғой,
Басымыздан өткеннің барлығына.
Кінәламайды ешкімді, ештеңені,
Сабыр сақтар кісінің естілері.
Қой қоңына май жинап жата берер,
Мүйізіне сүрініп ешкі өледі.
Ел көтерер еңсені езілгенде,
Өз ортамнан тиіспін безінбеуге.
Өмір сүргім келеді – мені іздейтін
Бар екенін біреулер сезінгенде.
Жалғызсырап көрмеппін, жырым – серік,
Көкіректен көрген жоқ күнім сөніп.
Кедей де емес, бай да емес, қалауымша
Ел қатарлы келемін өмір сүріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу