Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  77


Автор: Мырзатай Болат

КӨСЕМ ҚЫЗЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ!..

(Ибаш Жанболатованың – 90 жылдығына).
...Жетімсіреп ауыл қалды!..
Қырғын-соғыс жарыңды алды!..
Жиырма екіңде – жалғызыңмен
Жабырқаулы жаның қалды!..
Ибаш апа!..
Жүрегіңде-мұң болса да...
Қайғы-шерің- мың болса да!..
Атқа міндің!.Ел басқардың


Шынашақтай қыз болсаң да!..
Ибаш апа!..
Мейірімнің -талын ектің...
Жетімдерді – жалын еттің!..
Қайтпас-қайсар мәрттігіңді


Өміріңе қалып еттің!..
Ибаш апа!..
Ер-қызы едің балықшының


Бағындырған даңқ шыңын!..
Әр жерде де көрініпті-ау


Ақыл-ойға алыптығың!..
Ибаш апа!..
Сан қиянды-кешіп едің...
Жүз түйінді- шешіп едің!..
«Көсем қызы Маңғыстаудың –
Ұлдан қымбат!..»- десін елің!..
Ибаш апа!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу