Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  135


Автор: Мырзатай Болат

АҚША

Қаржының қиындығын – кешті Пушкин...
Пенденің қалтарысын – шешті Пушкин!..
Артына қалдырыпты кепті Пушкин:
«Ақшаны жақсы көрем!..» - депті Пушкин!..
Шіркіннің көкірегі кең екен-ау!..
Жасырмас осал тұсын ер екен-ау!..
Әңгімең, шындық қасқа, берекелі-ау!..
Пендеде – осы жағы кем екен-ау!..
Қамы үшін тіршіліктің – зырылдарсың...
Қу қалтаң тесік болса – шырылдарсың!..
Алтынды көрсең, жаным, жымыңдарсың –
Ақшаны жек көретін кімің барсың?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу