Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  69


Автор: Мырзатай Болат

БУРЛАК

Кеудемен, иығымен, қыл арқанмен –
Тартады-ау дәу қайықты қыл арқанмен.
Бұршақтап тұла бойдан төгіліп тер,
Қапырық талма түсте төзімін жер!..
Шаршаңқы дауысымен жылап тұрып,
Шырқайды-ау «Емен» жырын құлап-тұрып.
Батырдың ұйқысымен оянады ол –
Жеткізбей нән қайықты қоя ма ол!..
Моншада терін сүртіп, таң атқанда –
Көр оны айлақ жаққа баратқанда!..
Үшсомдық қыстырулы белдігінде,
Уақ та бар – қарайлайды енді кімге?..
Тоқтаусыз қабақ жаққа қарай барып,
Әуелі тұрып қалар сәл ойланып...
Алдымен бір-ақ тартар арақ алып,
Жайланып көңіл шіркін қалары анық!..
Қутыңдап кеткендей ме – жасарып тым?..
Әйеліне базарлық – мата алыпты...
Қарындасқа – орамал, балаларға –
Ойыншық – ат алмайтын шама бар ма?..
Ұмытпай шіркеуге де тәжім қылып,
Кешеңдеу барады енді жолға шығып...
Үйіне қашан жетер? Жер де алыс...
Құдайым! Жеткіз оны, бер демалыс!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу