Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
152
Сылдыр да сылдыр көк тұма
Сылдыр да сылдыр көк тұма
Тыншымай баяу ағады.
Жүрегің жиі соққылап,
Құшақтап жаттың ағаңды.
Елеспін қонған санаңда,
Көңіліңде бәлкім қонақпын.
Шашыңмен бетім жабам да
Ерінге ерін жолаттым.
Ыстығы бойды ерітті,
Ұялдым қатты қысылып.
Жан едің неткен көрікті,
Ойымды жаттың түсініп.
Кенезем кеуіп қаталап,
Құмарттым сұлу мүсінге.
Көзсіздік әлде махаббат,
өңім бе, әлде түсім бе?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇