Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
141
Балаңдықта қоймадық жанды жайға...
Балаңдықта қоймадық жанды жайға,
Қыстың күні аяққа шаңғы байлап
Жаздың күні жайлауда асау мініп
Болмапты сәт, жекеше қамды ойлау...
Ұялмадық қалғанға кешін қонып,
Тұрғандарға тиістік төсін соғып
Қай заманда қимылы қиылыспай,
Талапайда таланды есі жоғы.
Дөңгеленген дүние алма кезек
Жоқ болады біреуде, барма десек
Жастық шақтың өзіндік қимылы бар,
Жасай алмай сорлайсың барға есеп.
Құлап-тұрып, жасасақ аударыспақ,
Жылдамырақ қозғалсақ жолбарысша.
Таңырқайтын түгі жоқ мықыныңның
Кезеңі сол емес пе шалбар ұстап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇