Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  78


Автор: Серікбай Бердияров

Жол үстінде жоқтан-бардан құраған

Жол үстінде жоқтан-бардан құраған
Тағдырыңа,
Тәңірің бе, кім алаң?
Санаңыздың сай келмесе жасауы,
Сапарыңыз бола бермек бұралаң.
Адым бассаң жарға соғып басыңды,
Жерге төгіп аузыңдағы асыңды,
Әбігерге айдан анық түсерің,
Айырмасаң досың менен қасыңды.
Қу тірліктің қыры-сыры шырғалаң,
Ешкімге де опа бермес бұл ғалам.
Өмір шіркін өткелімен өтпелі,
Көңіл шіркін көкжиекке күнде алаң.
Тіршіліктің көктемі мен жазы ұнап,
Айнамкөлдің аққуы мен қазы ұнап,,,
Ойға қалып опа таппай өмірден,
Қырға шығып қызық көрдім азырақ,,,
Бейіліңді бергеніңмен шын асыл,
Қалыбынан айнымайды сірә сұм.
Көрмегеннің көсемдігі құрысын,
Өтірікпен көмілген соң расың!,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу