Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  193


Автор: Оңайгүл Тұржан

ОЙЫНШЫҚ ПЕН БАЛА

Аңқаулыққа басыңызды игiзiп,
Нүрлы күнге алма бетiн сүйгiзiп.
Қүйттай қыздар
көйлек тiгер жалықпай,
қуыршаққа жандүние кигiзiп.
Бiз де тiктiк
қолға талай иненi ап,
Бұрандалы ойыншық жүрер билеп-ақ.
Тiрiледi
шыбын жанын қуыршақ,
кеудесiне түйреуiшпен түйреп ап.
Бiр-бiрiмен жетектесiп барады,
Жан ұқпайды олардағы сананы.
Сәбилердi
түсiнбейдi үлкендер,
Тек ойыншықтар түсiнедi баланы.
Бiр-бiрiмен сәби шақты тойлайды,
Аңқаулықтың тереңiне бойлайды.
Сен де ойнап көр. . .
жалығасың,
себебi,
Ойыншықтар да тек баламен ойнайды.
Бiр-бiрiне көңiлдерi даладай,
Ойыншық үшiн
сәби – ұлы данадай.
Шiркiн, деймiн,
үлкендер де бiр-бiрiн,
Түсiнсе ғой ойыншық пен баладай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу