Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  355


Автор: Рахат Қосбармақ

Қалықтап Қайып зарлық салған әні...

Қалықтап Қайып зарлық салған әні,
Шарықтап шағыл құмда жол қалады.
Таңдайы кеберсіген бір аймақ бар,
Табаны тарландардың сол болады.
Боздайды бозөкпе-жел ботадайын,
Қозғайды шер-мұңыңды қопадайын.
Бекеттің әруағы жар боп жүрер,
Бейнеуге басыңды иіп өт, ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу