Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
127
Шыққан жанды сайланып
Шыққан жанды сайланып
Апарады жол қайда?
Дән масаққа айналып,
Масақ дәнге толмай ма?!
Ағаш тұрса жайқалып,
Күзде жеміс піспей ме?
Ал шикіні жай халық
Қарны ашпаса тістей ме?!
Төмен жүріп еті өлген,
Қолы шыңға жетпей ме?
Өзін өзі көтерген
Аласарып кетпей ме?!
Жараса ма бұққаның,
Көрер жарық күн барда,
Мәлім болар тыққаның,
Ашылмайтын сыр бар ма?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇