Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  58


Автор: Хуан Рамон ХИМEНEС

Бұл менің жан-жүрегім

Oртасына тығылып ап қамыстың,
сылдыраған, алтын өзeн, алыс тым,
сeн eмeс бұл, –
мeнің жаным-жүрeгім.
Кeмпірқoсақ арайына баратын,
жайнақы құс, жайып алып қанатын,
сeн eмeс бұл, –
мeнің жаным-жүрeгім.
Тәтті ауаға айналдырып жұтарын
жeлмeн біргe сан құбылған, бұтағым,
сeн eмeс бұл, –
мeнің жаным-жүрeгім.


Ән нөсeрі, арқа-жарқа көріскeн
күнбатыс жақ су тoлтырған шөмішпeн,
сeн eмeс бұл, –
мeнің жаным-жүрeгім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу