Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  640


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

ДӘРІГЕР

Жан әлемге шуақ шашар сәруар,
Сырқат үшін болған дәйім әбігер.
Ақ пейілді алғысым көп сіздерге,
Ақ халатты абзал жанды дәрігер.
Алғысым бар сіздер үшін ең ізгі,
Кешіп келем толқын тірлік теңізді.
Аппақ ары кір шалмаған ақ ниет,
Атап өтем Маржан менен Мейізді.
Көңіліне көктем сыйлар игі нұр,
Дертке дәру шипалы қол үлгі бұл.
Ауыруымен ауылдастың күрескен,
Рамила,Алтын,Зина,Бибігүл.
Көмекейден өлең өрдім өр сезім,
Өркен жайса елің артсын өр сенім.
Туған елдің тынысы үшін бол аман,
Жалғастырып болашаққа ертеңін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу