Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2022
174
Айлы түн...
Айлы түн,
Есімдесің сен де менің,
Бал бұлақ суын берген – шөлдеп едім,
Қарсы алған қабақ шытпай қашан барсам,
Аяулы, армысыңдар; жеңгелерім?
Сендерді көкте күнге теңгеремін.
Бақытқа бізді бастап апаратын,
Сезімнің сездірерде шапағатын.
Жүрсек те бір ауылда,
тілдесе алмай,
Хат беріп, оңашада хат алатын,
Армысың, менің алтын махаббатым?!
Телміре қараймын да жолға, жаным
Сен жайлы, өзге жайлы толғанамын.
Құлпырып көктем сайын кетсе дала,
Жайнай түс, гүліне ұқсап сол даланың.
Өзіндей туған жердің бол, қарағым.
Бұл күнде ақынжанды жас ұланың,
Арнайды өзіңе деп асыл әнін.
Оянған жүрегімде сағынышты,
Айтшы сен,
Қайда апарып жасырамын?
Туған жер!
Қасиетіңе бас ұрамын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇