Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  90


Автор: Ғали Орманов

АЛЫПТЫҢ ТЫНЫСЫ

Алдымда зəулім болат үй
Алады тыныс бусанып.
Жақындап келсем – сол ылғи,
Жанымды лебі тұр шалып.
Қояр ма, сірə, тербетпей,
Жеріңде сондай туса алып!
Жаңа бір көрген перзенттей,
Телміртер сені құштар ғып.
Қазақтың домна пеші бұл
Жапанға жаңа орнатқан.
Халқымның жүрген десі бұл
Тасы да балқып өрге аққан.
Жүрегіне ұқсап даланың
Шалынар соның тынысы.
Сүйсіне сезер оны əркім,
Жарылқап жанын жылысы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу