Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

КҮЙ ҚҰДІРЕТІ

Ай сəулесі секілді сырғамдағы,
Арылар ма ақынның жырдан жаны.
Дүбірлетіп оралды,
Дүниені,
Оркестрі атақты Құрманғазы!
Жаны тынбас шертпесе дауыл күйді,
Көкірекке дауыл күй,
Жалын құйды!
Құдіретті сол күйдің əсерінен,
Алматының кештері тамылжиды!
Құдіретті өнердің күшіменен,
Күй қанатты өмірді – құшып ерен!
Ұлы Ақандар –
Дүниені шырқ үйірген,
Тəңір-ау!
Бір шыбықтың ұшыменен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу