Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  192


Автор: Серікбол Хасан

Бақыт – сенің фаниде басты арманың...

Бақыт – сенің фаниде басты арманың,
Өтті талай сол жолда нұрсыз күнің.
Бір-ақ мәрте иманның татсаң балын,
Білер едің алтынның құнсыздығын.
Пайғамбардай таныт бір ізеттілік,
Құлшылығың – бақиға жиған гүлің.
Амалыңды арыңа күзет қылып,
Жүрегіңе ек, бауыр, иман гүлін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу