Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
250
ӨРТ
Өршіген өртті сөндірем деген,
қарлығаш құстың ниетін,
көңілде көлім мөлдіреуменен,
жан едім жастан сүйетін.
Көрдім де сені, қарындас, түстім,
өршіген өшпес бір отқа,
ешбірі маған қарлығаш құстың
сеппеді су кеп, бірақ та.
Беретін емес көкірегім бой,
өртендім, жандым, өзгердім,
сен жоқта, жаным, соқыр едім ғой,
бекер-ақ маған көз бердің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇