Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  89


Автор: Жангелді Немеребай

Түсінсең жырдың мәнін...

Түсінсең жырдың мәнін,
Сағынып жүрмін жаным.
Сен үшін тауға шығып,
Жинаушы ем гүлдің бәрін.
Еске алып сол шақтарды,
Көзімнен моншақ тамды.
Осы өлең тумас еді,
Екеуміз болсақ мәңгі.
Сезіммен құндақталған,
Сырлар-ай түнде ақтарған.
Ақ таңды қарсы алушы ек,
Бауларда гүл қапталған.
Бір ғажап тартылыспен,
Шын ләззәт сарқып ішкен.
Ойға алып сол түндерді,
Мен жүрмін қорқынышпен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу