Өлеңдер ✍️

  11.06.2022
  117


Автор: Қайырды Назырбаев

Тақтан түстің, аттан құлап түскендей...

Тақтан түстің, аттан құлап түскендей,
Бұл мансапта бар екен-ау күш нендей.
Бар өшіңді ащы судан аласың,
Ес жимайсың, атау-кереңді ішкендей.
Аз-маз бедел өмір бойы жинаған,
Қайда қалды, ойлашы енді «сыйлы адам».
Қайда кетті, болып-толып тұрғанда,
Жақсылығың жақыныңа қимаған.
Қайрат кеміп, еңкіш тартқан жасыңда,
Күш белгілі, тасын, мейлі, тасынба.
Соқа басың сопайып-ақ қалыпты,
Дос түгілі, дұшпан қалмай қасыңда.
Тектен-текке басқа бақыт қона ма,
«Сұрап алған» атақ атақ бола ма?!
Кешегі күн төр бермеген алтын бас,
Бүгінгі күн босағаңа сыймайды,
Өмір деген сол, аға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу