👈 қаріп өлшемі 👉

Қайырды Назырбаев

Қайырды Назырбаев - 1947 жылы 2 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Таңба (қазіргі Еңбек) ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң, «Өрел» совхозында шопан, мәдениет қызметкері, Еңбек сегіз-жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1980 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
1968 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, Қатонқарағай, Үлкен-Нарын және Зырян аудандары бойынша меншікті тілші, 1969 жылы Күршім аудандық «Коммунистік еңбек» — «Коммунистический труд» газеттерінде аудармашы, Шығыс Қазақстан облыстық телевидение және радио хабарын тарату комитетіне редактор, 1980—1990 жылдары Қатонқарағай аудандық «Арай-Луч» газетінде редактор-дың орынбасары, редактор, 2000 — 2002 жж. Астанадағы мемлекеттік «Елорда» баспасында редактор болып жұмыс істеген. 2002 жылы «Аударма» баспасы қүрылғаннан бері осы баспаның Бас редакторы, директоры қызметін атқарған. Қазір Астанадағы «Нұра-Астана» баспасының директоры.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы