08.06.2022
  154


Автор: Ескен Елубаев

ОМОНИМДЕР

(Айтылуы бiр, мағынасы бөлек сөздердi осылай атайды)
***
Бұлақтар бұрын су алған,
Бұл күнде бəрi суалған.
***
Суға жуа-жуа,
Тазаланды жуа.
***
Қанша менiң ешкiм,
Бiлмейдi оны ешкiм.
***
Оян, тұр,
Бiр кiсi кеп тұр.
***
Үстi толған белгi, жолақ,
Жолымыз нағыз жол-ақ.
***
Бəйгеге қос атыңды,
Сөйтiп шығар атыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу