Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  1880


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

САЛТ-ДӘСТҮРІ ЕЛІМНІҢ

Шектен шықпа, досым-ау, елден безбе,
Өзіңе елің сеніп сөз бергенде.


Өз еліңнің мұрасын қастерлей біл,
Көзіңді сала берме кез келгенге.
Бұл дегенің нақ өзі әліппенің,
Өте қате болады кәдік деуің.
Өзге жұрттың дәстүрін не қыласың,
Өз еліңнің дәстүрін дәріптегін.



Демеймін өзге елдің ығына жүр,
Демеймін өз еліңнен шығына жүр.
Қазақ болып келген соң дүниеге,
Өз еліңнің дәстүрін ұғына біл.
Жөн болады салт-дәстүрді мақтағаның,
Мәнісін білмей тұрып таптамағын.
Ұрпағың елін, тегін танып өссін,
Жөн болар салт-дәстүрді сақтағаның.
Сен шырқа қазақ болып жыр-әнімді,
Ылайлама, қастерле бұлағыңды.
Мына бізге салт-дәстүрді бабаларым,
Білсеңіз, зор сеніммен мұра қылды.
Қамды көп ойламасын қара басың,
Өз әлін әркім енді шамаласын.
Ұрпаққа үлгі етейік мәнін ұғып,
Бабалар бізге сенген аманатын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Томирис
Томирис 26.04.2025 11:23
маған қатты ұнады 28.04.2025 біздің тәрбие сағатымыз болатын соған осы өлеңді алатын болдым
Жансая
Жансая 14.03.2025 20:12
Оте оте дурыс алде магынасы оиымнан кетпеи отыр жараисыз

Пікір жазу