Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2022
338
ҚИЫН...
(Мазақтама)
Түнде бар да,
Күндiз жоқ,
Аспандағы жұлдыз көп,
Саны қанша олардың?
Санау қиын болар тым...
Шаштың
Баста өсетiн,
Дəл айтардай есебiн,
Саны қанша олардың,
Санау қиын болар тым...
Өсiп тұрған алдыңда,
Жапырағын талдың да,
Санап шығу,
Қиын-ақ,
Жұрт бiледi мұны нақ.
Дəндi тасып сүйреуге,
Ерiнбейтiн жұмысқа,
Санау қиын,
Илеуде
Қанша екенiн құмырсқа?
Əбден тойып тамаққа,
Бара қалса сабаққа,
«Екi» алмай қайтпайтын,
Ешкiм бiлмес Айтпайдың,
Қанша «екiсi» барын да,
Санау қиын санын да!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇