Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  189


Автор: Жұматай Жақыпбаев

АҚҚҰБА ӘН

Бойы дәл, маған жасы дәл,
Дастаннан алған атты да,
Қап-қара көзі, шашы бар,
Ән көріп едім аққұба.
Арманда кеткем, не дейін,
Ауылын жайлап құсаның.
Толсын деп әнге көмейім,
Толсын деп әнге құшағым.
Бағы бар жанға жолығар,
Жарылқап маған жатты да,
Басы бар, аяқ-қолы бар,
Ән көрдіңдер ме аққұба?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу