Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
152
АСУЫН БЕРДІҢ ҚҰЛЖАНЫҢ
Асуын бердің Құлжаның,
Ырғағын бердің Біржанның.
Пейілімді туа тарылтпай,
Пейілін бердің мырзаның,
Тағдырым, саған ризамын.
Ризамын саған, тағдырым,
Жоғалған емес қадірім.
Көрмедім жоқтық зәбірін,
Есімді біле ешкімнің
Естіген жоқпын әмірін.
Жүйрік те міндім қанатты,
Құлпыртып кидім жанатты.
Шалқумен талай таң атты
Тасқа да салдым тайсалмай,
Табиғат берген талантты.
Жорға да міндім теңселген,
Тіредім тауды еңсеммен.
Сұлу да құштым сүмбідей,
Сүмбіл шаш жонын көмкерген
Көргендер тілсіз өртенген.
Алғам жоқ көптің қарғысын,
Алғысын алдым, алғысын.
Арыма ақау түсірмей,
Асқақтай бергін, жан құсым
Жан құсым – жырым, мәңгісің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇