Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  79


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұл өмірдің тартқан талай азабын...

Бұл өмірдің тартқан талай азабын,
Көшпенді боп күзден қысқа, жаздан күзге жол шеккен,
Қой аузынан шөп алмайтын қойдан жуас қазағым,
Күндер болса төзе алмайтын,
Кейде жылқы мінезін де көрсеткен.
Қайыспайтын нардың жүгін арқалап,
Бірде көлде, бірде шөлде жүргенімен қаталап,
Шаңырақтан күнге қарап, көп жатқан соң шалқалап,
Қыздарын да гүлге балап,
Күн нұрынан жаралыпты махаббат.
Таулықтарда мінезі бар құстардың,
Аралдарда тұрған жанда мінезі бар балықтың.
Ал мен болсам шетсіз-шексіз кең далаға құштармын,
Ұрпағымын нар мінездес, жылқы тектес халықтың.
Тұлпар көп пе жал-құйрығы сүзілген?!
Бұл жалғанда, қарап тұрсаң, бəрі-бəрі өтпелі,
Бірақ, індет көре алмайсың жүріп өткен ізімнен,
Қазағымның қазынасы – ұят-ары беттегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

05.08.2022 22:20
ағаның мұңы қазақтың жыры

Пікір жазу