Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
295
4-ші хат
Қалай қиям? Жас тамған көзіңіздің
тамшысындай
Бейкүнə көңіл шықпын.
Жаны нұрға жылынған өзіңізді,
Бүгін тағы түсімде көріп шықтым.
Бұның бəрі құр қиял болар ма тек,
Өлермен ғой, шіркін, бұл үміт деген.
Қарсы алдымнан кезігіп қалар ма деп,
Сіз жүретін көшемен жүріп келем.
Қалай ғана тоғысқан жолы мына,
Сіз шықтыңыз… ашылып есігіңіз.
Қараңызшы, газеттер орынына,
Хат салынған пошта жəшігіңіз…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter