Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  407


Автор: Лəззат МАҚАШ

3-ші хат

Қандай жансыз?
Сезімді ұқпайсыз ба?
Мен жайында бір мезет ойланбайсыз.
Күні бойы ойымнан шықпайсыз да,
Түні бойы түсімде тайраңдайсыз.
«Осындамын, қазір-ақ жет» дегендей,
Жымияды сүйкімді мүсін кіріп.
Күндіз жазған хаттарым жетпегендей,
Түсімде де хат жазам түсіндіріп.
 Шаршап кеттім жүректің «күт» деуінен,
Шала шабыт, шала боп істерімде.
Сізге жазған хаттарым бүктеуімен,
Құпия боп қалады түстерімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу