Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
188
Шегi жоқ шалғай...
Шегi жоқ шалғай,
Белес пен қырат.
Көз нұры талған,
Өз жырын сұрап.
Жұпарлы жусан,
Бередi сəлем.
Қиялды қусаң –
Əлпештер əлем.
Тартылған тақыр,
Сағым ұшындай.
Мұнартып жатыр,
Сағынышымдай.
Үлп еткен жел жоқ,
Шегiртке-сайран.
Алдайды бел боп,
Арманың қайран.
Бiтпейдi жол да,
Бүлкiлi тербеп.
Аңызын толғап,
Алыстан сермеп…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter