Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  171


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сылбыр үнмен жанарымды сүрткілеп

Сылбыр үнмен жанарымды сүрткілеп,
«Неге ғана кеттің,-дейсің,-күрт жүдеп?»
Жүрегімді жарадар ғып ояттың,
Жанар атты найзаңменен түрткілеп.
Ояттың да күрт өзгерді қарасың,
Күлкіңнен де таба алмадым жарасым.
Маған соғар бір соқпағың бар еді,
Соқпай кетіп барасың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу