Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  121


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қара су мен қатқан нан – ас құдайы...

Қара су мен қатқан нан – ас құдайы,
Қазыны аңсап аузыңды ашпа ұдайы.
Дүниеде аумалы-төкпелі бұл
Таққа қонар кешегі өкпелі құл!
Заманында зулаған зымырандай,
Апыл-ғұпыл барыңды іш, ыңыранбай!
Көңілінде көлкіген қаймақты арман
Бір-ақ таңда іриді қымырандай!
Қара су мен қатқан нан – ас тәңірі,
Құрсағыңа алданыш – басқа мыңы.
Тіршілікте тойғаның есте қалмас,
Аштығың да азанғы кешке бармас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу