Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  208


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Жүрек қалауы

Толықсыған жас ару
Өз бақытын іздейді.
Табамын деп талпынып,
Үмітін еш үзбейді.
Сезімге толы көңілі
Махаббатты аңсауда.
Тынымсыз соққан жүрегі,
Шешуші болып таңдауда.
Іштей ару сезеді
Оған толық сенеді.
Қалауымен жүректің –
Орындалар тілегі.
Жүрек қатар өз үнін.
Орындауға тілегін.
Махаббат отын жағады,
Сезгенде тек керегін.
Ұшқын оты сезімнің,
Шоқ боп түскен жүрекке.
Айналады алауға,
Махаббатқа, тілекке.
Лаулап жанған махаббаттың алауы –
Жас сұлудың жүрегінің қалауы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу