Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  134


Автор: Ошақбай Суханберлин

Құбылмалы тіршілік

Мінезін қалай ұғасың,
Құжынаған халықтың.
Біреуі саған тым жақын,
Біреуі сенен алыс тым.
Құбылмалы қоғамда
Құбылады олар да.
Жайсаңдар кеткен орынға
Доңыздар келіп қонар ма?
«Ит – адамның досы» деп,
Қоямыз оны көтеріп.
Иттің де иті болады,
Үмітің жүрсе өтеліп.
Жақпаса егер итті де
Кетіреміз тепкілеп.
Сосын бас қып доңызды
Көтереміз епті, – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу