Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  133


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Адамы көп, наданы жоқ бұ қала...

Адамы көп, наданы жоқ бұ қала,
Арманы көп, алғаны жоқ бұ бала,
Тағдыр айдап табысқасын тар жерде
Тақсыретiн бөлiседi күнара.
Бiреуiн шу, бiреуiн ой қажады,
Тiршiлiктiң осы ма едi мазағы?
Астаналық арпа iшiнде – бiр бидай,
Қаласы мен даласының қазағы…
«Аз екен» деп азырқанды бұ бала,
«Көп екен» деп назырқанды бұл қала,
Шəлкем-шалыс кеп қалса да, ойларын,
Өрбiтедi бiрiн-бiрi құп ала…
Астананы баспана еткен бұ бала,
Жас баланы хас дана еткен бұ қала,
…Аспандағы айға бата жасай бер,
Алпауыттың есiгiнен сығала…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу