Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
197
Еш себеп жоқ лауламауға...
Еш себеп жоқ лауламауға,
Жанбауға.
Сенбе, жаным, арбау мен алдауға.
Хақымыз жоқ ешқашанда біздердің
Сүттен аппақ.
Судан таза болмауға.
Бірде арманға қалғаныңды үлгермей
Жасыр, жаным,
Досыңа да сыр бермей.
Сүйер болсаң әрқашанда сезін тек,
Құшағыма тұңғыш рет кіргендей.
Сені ойлаймын,
Саған үміт артамын.
Не береді,
Не сыйлайды әр таңым?
Күзді күнгі жапырақтай қалтырап,
Ең соңғы рет кездескеннен қорқамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇