Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
190
Тоқырауынның ақ бидайын еске алу
Тоқырауынның ақ бидайы, не керек,
Бір кездері аты шыққан керемет.
Оның өзі бір ертегі, бір аңыз,
Сенбесеңіз, ғалымдардан сұраңыз.
Бұл күндері сол ақ бидай мақтаулы
Академия музейінде сақтаулы.
Соғыс жылы қаулап өсіп, дүркіреп,
Қарық болған бүкіл аудан, бір түбек.
Бес жыл бойы сол халықты тоқ қылып,
Ақтоғайдан алыс тұрды жоқшылық.
Бес жыл бойы елді асырап ақ бидай,
Кетті кейін бір тұқымы таптырмай.
Соғыс жылы асыраған бір елді
Ақ бидайды ұмытады кім енді?
Ал ғалымдар не десе де мейілі,
Ақ бидайға сол күйі елдің пейілі.
Ақ бидайдай ырғатылған самал да
Ақтоғайдың айқабағы бар онда.
Ақ бидайды еске салған керемет
Ақ бидайдай ару еді, не керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇