Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  98


Автор: Аманхан Əлімұлы

Мәскеуде жазылған жыр

Наурыз нəркез Мəскеуде сəнденеді,
Шуағымен жылытып жан денені.
Мен отырмын өзіммен-өзім қалып,
Көз алдыма келтіріп хан Кенені.
Жел мінезді ұл едім еркін өскен,
Шығып кетті барлығы бертін естен.
Шалқыта алам шалдуар енді қалай,
Оңтүстіктің кеудемде өртін өшкен.
Құраннан да дəрісті берген, Аға,
Кетіп қалғым келіп жүр кер далаға.
Көзді жеген кермектеу түтінді аңсап,
Бойымды алған бертіңгі шер-нала ма?!
Күнде қалып күміс жал күрең мінген,
Келісе алмай кей кезде жүрем мұңмен.
Оңған шəлі өңіме таңғалмағын,
Тақсыр, Тағдыр, таймаған рең кімнен?
Көрсететін болымсыз бойды ғана,
Шемен тасқа шегелеп қойды қала.
Енді-енді игеріп келе жатыр,
Көк бөрісі оянған ойды бала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу