Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  278


Автор: Аманхан Əлімұлы

Анам өмірден өткенде

Тiрлiкте қанша кетiлдiм,
Сонда да өмiр тұра ма?
Елуде тұлдыр жетiммiн,
Бала етiп алғын Жыр – ана.
Тiршiлiк қанша қусаң да,
Жеткiзбей-тұғын бiр құмай.
Анашым болып, ту...у сонда,
Сырласып тұрсақ, шiркiн-ай!
Сенi мен маған сол кезде,
Жеңiлдеу тиер тiршiлiк.
Кетпейiн түсiп жолға өзге,
Анамдай алдан тұр шығып.
Үн-түнсiз қалу ұятты,
Созамыз бойды бұлтқа.
Сендегi тамыр сияқты,
Мендегi тамыр ұлтта.
Қым-қиғаш бiтпей күресiң,
Қойылмай жəне Жыр нүктең, –
Сен мəңгi өмiр сүресiң,
Мен болсам өтем тiрлiктен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу