Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  1807


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ақ халатты абзал жандар

Ақ халатты абзал жандар көңілі
аппақ қардай,
атқан таңдай
нұрландырар өмірді.
Арманы көп, күтері аз жалғаннан
Қанша жанның ажарына өң кірді.
Дем беретін дәрігерлер жүрегі
мейірімді,
пейіліңді
атқызбай-ақ біледі.
Аманатпен арқалаған жүгі ауыр,
Аман-саулық – адамдарға тілегі.
Өміріңді сақтар жандар жанары
күліп тұрар,
біліп тұрар
сөнбес сәуле, сананы.
Өмір жырын, сәбилердің күлкісін
Есту үшін жұбатады ананы.
Ақ желеңді адал жандар пейілі
даладай кең,
баладай ме ең,
көңіл қалар сейіліп?
Құтқарушы бір өзіңсің Жаратқан,
Көмекшіңе таусылмас күш бер үйіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу