Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  89


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Осы мен

Осы мен боп барам ба қиялға құл?
Жолығар жаным онда құяңға ауыр.
Қамалмас құр қиялға ондай жаман,
Бəр-бəрін жақсылыққа қылған ұл.
Барында сəуле шашқан жарық таңым,
Өмірлік бүрленеді жан бұтағым.
Айналып оттың басын тындым болмай,
Қиялым шалықтасаң шарықтасын.
Мейілің жерде тұрмай көкке кетсең,
Көңілді бердім саған көктем ескен.
Арналу керек мүлдем арман үшін,
Жеткенше асып жүріп көп белестен.
Қиялым жел боп есем қанатыңнан,
Не тірлік қам жасамай қарап тұрған.
Қонатын саған тұғыр сөз табайын,
Ақтарып шүлен ойдың қабатынын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу