Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  121


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жылойға сәлем

Қыз көркем шашбау, айна, тарағымен,
ұл көркем батыр мінез, талабымен.
Айта бар, барсаң, сəлем Кең Жылойға
тербеткен мені сезім-самалымен.
Қайырмасы:
Көңілімде Күн ойнады,
көктемнің гүл айдары
елестеп,
күрсінгенде.
Аман-сау жүрсіңдер ме,
жақсылар Жылойдағы?!
Ағалар құшақ жайып қарсы алатын,
думан қып бауырларым əн салатын...
Айта бар, барсаң, сəлем Кең Жылойға,
сағындым сол күндердің əр сағатын.
Қайырмасы.
Қайран ел талай бейнет, сынақ көрген,
өсіріп ұл мен қызын мұрат көрген.
Айта бар, барсаң, сəлем Кең Жылойға
жаныма ақ тілегі қуат берген.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу