Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  358


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Ү...ға

Сен еркекке өкпелейсің,
Мен әйелге ырза емен.
Өзіңді-өзің кексе дейсің,
Қызықпаймын қызға мен!
Мен кешірем өткен күнді,
Аяп төмен етекті.
Қалампырдай исің сіңді,
Болдың сиқыр жетекші!
Келсе менің көңіл сазым,
Шайнап тастар көкжалмын.
Болса ерке сенің назың,
Ерке назға мен зармын!
Менің сырым жатқан жұмбақ,
Шешуге оны жетпес тіл.
Парасатты жеңді сымбат,
Енді, сәулем, өзің біл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу