Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
248
Балалық шақ
Шабыт келіп тағы жырлар кез келіп
Бала болмай қалғанымба өзгеріп?
Уақыт деген палуан келіп ілді де
Алып кетті көк серкедей өнгеріп
Бала болып мінбеим енді көк талды
Балалықтан көк естелік сақталды
Міне сала жөнелетін өзенге
Қызыл велик бір қорада қап қалды
Балалықпен Жүмонг болдым Бейбарыс
Қара сирақ бір тынымсыз қозғалыс
Балалықты көп бақытты силаған
Жаратушым Аллам саған мың алғыс
(с)Сламхан Кенжебек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇