09.04.2022
  365


Автор: Абдрахман Асылбек

Бақшамызға барамыз

Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев

Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.

Қайырмасы:
Қызғалдақтай гүл жайнаған,
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Тату-тәтті баламыз.

Кешке дейін еңбек етіп,
Келгенінше анамыз,
Аялаған еркелетіп,
Бақшамызда боламыз.

Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу