Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.04.2022
274
СЕН АҢҚАУ ЕҢ АҚ ҰЛПА БҰЛТ СЫҚЫЛДЫ…
Сен аңқау ең ақ ұлпа бұлт сықылды,
мен қатал ем қатпарлы шың сықылды.
Сен жақсы едің –
бірден сенен бастадым,
мені мақтап жазылған сөз сықылды.
Мазасыз ең мықты сұрақ сықылды,
жазасыз ем – керең құлақ сықылды.
Сен қызық ең –
бірден сенен бастадым,
газеттің ең соңғы беті сықылды.
1967
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇