Баталар ✍️

  16.03.2022
  34647


ТОЙ-ҚАЗЫНА КІТАБЫНАН ТҰСАУ КЕСЕРГЕ

 


Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Іляс
Іляс 27.03.2026 11:06
Өте қатты ұнады
Марат
Марат 05.01.2026 15:21
Әдемі .
Азиз
Азиз 13.11.2025 18:13
Керемет
Ақнәзік
Ақнәзік 14.03.2025 20:16
Маған ұнады
Көзайым
Көзайым 14.03.2025 20:15
Мен оны мектепте айтам
Көркем
Көркем 14.03.2025 20:14
Маған ұнады

Пікір жазу