Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
166
* * *
Ұлы дүбір жоқта дала тұл айдын,
Жанкүйер жер тұяқ тисе тулайтын.
Қас жаманның мінетіні қой торы,
Бір төбеден аса бере құлайтын.
Жігіт біткен ата жолын қумаса,
Көтерудің қажеті жоқ шуды аса.
Жабы болып қалар ма еді кім білсін,
Бір арғымақ маған бола тумаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter