Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  172


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Шамырқанса қиын-ау асыл жігер,
Кәрі құздың шаңқ етіп тасын тілер.
Қиын-қыстау кезеңде отты өлеңмен
Ауылда өскен кенжеңмін басын тігер.
Қарсы келген дауылды жасқап түлер,
Алға мені тартады бастап жігер.
Уа, туған ел!
Тайсам мен тұғырымнан
Алатауды үстіме тастап жібер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу