Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  387


Автор: Абдрахман Асылбек

Егінімді ерте қамдап

Егінімді ерте қамдап,
Ерте екпей,
Тәтті тағам татқаным жоқ тер төкпей.
Жасандылық жасамадым жалғанда,
Еркектермен сөйлесе алдым еркектей.
Істің аңдап оңы менен терісін,
Терісіне бергенім жоқ келісім.
Бірді жақын,
Бірді алыс демедім,
Жан біткеннің бәрі бірдей мен үшін.
Тайып кеткен тұстарымда өкіндім,
Өкіндім де,
Құламасқа бекіндім.
Жел өтінде қасарысып, қарысып,
Шыңға шыққан шынардайын жетілдім.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу